Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

2025 жылдың 6 қазан сағат 01:29-да Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Жамбыл және Түркістан облыстарында 4 балл, ал Шымкент қаласында 3 балл деңгейінде сезілді. Қуаты — магнитудасы 5,9.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Ұқсас жазбалар

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр. Алайда, бірнеше өңірде…