Сырым ауданында Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтеді

20 қыркүйекте Сырым ауданында қазақтың Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, мерекелік бағдарлама Сырым батыр мен Қадыр Мырза Әлі ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады. Орталық кітапханада «Қадыр әлемі – руханият белгісі» атты әдеби-рухани зал ашылып, ақын атындағы мектеп ауласында муралдың тұсаукесері өтеді.
Тойтөбе алаңында аламан, топ және құнан бәйге, қазақ күресі мен арқан тарту сайыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінде Нартай Сауданбекұлының «Қадыр-Адам» драма-реквиемі сахналанады. Кешкісін орталық алаңда Еркебұлан Құмаров пен Әлішер Қонысбаевтың концерті өтпек.
Барша тұрғындар мен қонақтар мерейтойлық шараларға қатысуға шақырылады.
ӨКҚ — Ақпарат

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…