Categories Жайық news

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға ай сайын 110 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі

2025 жылдың басынан бері көпбалалы қазақстандық отбасыларға 354 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Кімдер ала алады?

Жәрдемақыны төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлім студенті бар отбасылар табысына қарамастан ала алады.

Жәрдемақы мөлшері

2025 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы балалар санына қарай былайша белгіленген:

  • 4 балаға – 63 030 теңге (16,03 АЕК);

  • 5 балаға – 78 798 теңге (20,04 АЕК);

  • 6 балаға – 94 565 теңге (24,05 АЕК);

  • 7 балаға – 110 332 теңге (28,06 АЕК);

  • 8 және одан да көп балаға – әр балаға 15 728 теңгеден (4 АЕК).

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлеріне

Сонымен қатар ай сайынғы жәрдемақы мына санаттағы аналарға төленеді:

  • “Күміс алқа” иегерлері – 25 165 теңге (6,40 АЕК);

  • “Алтын алқа”, “Батыр ана” атағын алғандар және “Ана даңқы” орденімен наградталғандар – 29 097 теңге (7,40 АЕК).

Өсім және жоспар

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға байланысты барлық мемлекеттік төлемдер 6,5%-ға артқан.

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыларға 6,8 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…