Сурет: РИА Новости
Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 3342-ге жетті. Жарақат алғандар саны 16,7 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ТАСС мәліметінше, Ұлттық Ассамблея спикері Хорхе Родригестің айтуынша, 6462 адам құтқарылған. Қаза тапқандар саны 388-ге артқан.
86 794 отбасы көмек алған. 17 345 адам баспанасыз қалды. Зақымдалған 856 ғимараттың 190-ы толығымен қирады. Екі негізгі жер сілкінісінен кейін 995 афтершок тіркелді.
Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті. Апат салдарын жоюға 4 мыңнан астам шетелдік құтқарушы, шамамен 30 мың әскери қызметкер мен төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ 27 мыңнан астам ерікті қатысуда.
Зардап шеккендер үшін 79 уақытша лагерь құрылды, 9 585 тонна азық-түлік және 669 мың литр ауыз су жеткізілді.
Еске салайық, Венесуэлада соңғы 126 жылдағы ең күшті жер сілкінісі 24 маусым күні кешке тіркелді. Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер асты дүмпуі болған. Олардың эпицентрлері бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Елдің бірнеше өңірінде ондаған ғимарат қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келді.

