Сурет: 24kz
63 жастағы Әзербайжан тұрғыны табиғи жолмен дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ол шамамен 38 жыл бойы бала сүюді армандаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
24kz дерегінше, бұл ерекше оқиға туралы медицина ғылымдарының докторы Натиг Махаррамов Instagram-да жазған. Дәрігердің айтуынша, Сәкина есімді әйел ұзақ жылдар бойы емделіп, ақыры сәбиін құшағына алған.
«Еміміз зая кетпей, осындай игі іске себепші болдық», – деп жазған дәрігер.
Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы екенін айтады.

