Сурет: Egemen Qazaqstan
Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат 15:40-та Шевченко көшесі маңында тіркелген. Апаттың себебі анықталып жатыр, электр қуатын бір сағат ішінде қалпына келтіру жоспарланған.
Кейін тағы екі апатты өшіру болды. Сағат 16:50-де Шевченко, Төле би, Мұратбаев және Байтұрсынов көшелері аралығындағы тұтынушылар жарықсыз қалды. Мамандардың айтуынша, электрмен жабдықтау шамамен екі сағат ішінде қалпына келтіріледі.
Сағат 17:00-де Басенов, Жандосов, Гагарин және Манас көшелері маңында тағы бір апатты өшіру тіркелді. Қазір оның себебі анықталуда. Энергетиктер электр қуатын екі сағат ішінде қайта қосуды жоспарлап отыр.
Тұрғындардың айтуынша, Жароков пен Жандосов көшелерінің қиылысындағы бағдаршамдар жұмыс істемей қалған. Соның салдарынан қаланың ең қарқынды жолайрықтарының бірінде көлік қозғалысы қиындаған.

