Categories Әлем

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің келесі раунды Исламабадта немесе Швейцарияда өтуі мүмкін

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің келесі раунды Пәкістан астанасы Исламабадта немесе Швейцариядағы Бюргеншток курортында ұйымдастырылуы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дипломатиялық дереккөздердің мәліметінше, қазіргі таңда ең ықтимал орын ретінде Исламабад қарастырылып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, келіссөздер 11 шілдеге жоспарланған. Алайда тараптар әзірге оның өтетін орны мен нақты уақытын түпкілікті бекіткен жоқ.

Кездесу барысында Иранның ядролық бағдарламасы, Тегеранға қарсы санкцияларды жеңілдету, шетелдегі Иран активтерін бұғаттан босату мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы тұрақтылықты сақтау және Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы атысты тоқтату режимінің сақталуы да күн тәртібіне енгізіледі.

Бұған дейін Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім түпкілікті рәсімделуі ықтимал екенін мәлімдеген еді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ДДСҰ конференциясында шұғыл медициналық көмек тәжірибесімен бөлісті

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ыстанбұлда өткен ДДСҰ конференциясында Қазақстанның шұғыл медициналық көмек тәжірибесін таныстырды.

АҚШ Тәуелсіздік күніндегі отшашу: Бруклин көпірінде үш жерден өрт шықты

Нью-Йорктегі Бруклин көпірінде АҚШ Тәуелсіздік күніне арналған отшашу кезінде өрт болды. Бұл туралы New York…

Өзбекстанда халық саны соңғы 30 жылда екі есеге жуық өсті

Өзбекстанның тұрақты халқы 39 047 321 адамға жетті. 1989 жылғы санақпен салыстырғанда халық саны шамамен…