Президент Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Сурет: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президенттің құттықтауында домбыра ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі және халық рухын көтеретін баға жетпес мұра екені атап өтілді. Ол домбыра арқылы дәстүрлі құндылықтардың жаңғырып, ұрпақтар сабақтастығы сақталатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы домбыраның қуанышты да, қиын кездерде де бірлікті нығайтып, ел рухын асқақтатқанын айтты. Оның сөзінше, домбыра күмбірі азаматтарды жігерлендіріп, рухани бағыт-бағдармен үндеседі.

Тоқаев жаһандық сын-қатерлер кезінде домбыра төл мәдениеттің мызғымас тұғыры болып қала беретінін атап өтті. Ол халықаралық қауымдастыққа қазақ домбырасының әуенін таныстыруды жалпыұлттық парыз деп санайды.

Президент 1 шілдеде Домбыра күні қарсаңында Халық Конституциясының заңды күшіне енгенін еске салып, мұның символдық мәні зор екенін айтты. Тарихи-мәдени мұраны сақтау алғаш рет Ата заңның негізгі қағидаты ретінде айқындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерді насихаттаушыларға ризашылығын білдіріп, қазақтың ән-күйі Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында шабыт беретініне сенім білдірді. Ол әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Алжир Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

5 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

«Қазгидромет» 5 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстік және шығыс…

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. ҚР Ұлттық ядролық орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 5 шілдеде сағат…