Көктемгі шақыру науқаны аяқталды: 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аяқталды. Жарты жылда 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шақырылғандардың 11 мыңнан астамы Қарулы күштер қатарында қызмет өткереді. 7 мыңнан астамы Ұлттық ұланға жіберілген. 2 мыңға жуық азамат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ге тарта адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне жолданды.

Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды, делінген хабарламада.

Мерзімді әскери қызмет кезінде жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгеруге мүмкіндік берілген. Сарбаздарға банк несиелері бойынша төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.

Әскери қызметін үздік нәтижемен аяқтаған сарбаздар жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты арқылы түсе алады. Грантқа іліге алмаған талапкерлер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне құжат тапсыра алады.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі запастағы 3 мың әскери қызметкер міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылатынын хабарлаған еді. Заңға сәйкес, оқу жылы кезінде жұмыс істейтін педагогтер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, кәмелетке толмаған үш және одан да көп баласы бар әкелер жиынға шақырылмайды.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…