Categories Саясат

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Партияның бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев съезде сөйлеген сөзінде соңғы үш жылдағы жұмысты қорытындылады. Ол Халық партиясы құрғақ уәдемен уақыт өткізбей, азаматтардың нақты мәселелерін шешумен айналысатын саяси күш ретінде өз позициясын нығайтқанын атап өтті.

«Бүгінде Халық партиясы – көмек сұрап келетін орталыққа айналды. Бұл – біздің жұмысымыздың басты нәтижесі», деді Е. Ертісбаев.

Ол партияның Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бағытын жүйелі түрде қолдайтынын және саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға үлес қоса беретінін айтты.

Ертісбаевтың мәліметінше, VIII шақырылым басталғалы фракция депутаттары Үкіметке 591 депутаттық сауал жолдаған. Осы аралықта партия қатары 43 мыңнан астам мүдделеспен толыққан. Сонымен қатар партия қоғамдық және медиа кеңістіктегі ықпалын едәуір күшейткен.

«Біз тек кері байланыс беріп қоймай, күн тәртібін өзіміз қалыптастыруды үйрендік. Өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың мұң-мұқтажы жабық есік артында қалмай, ашық айтылуына қол жеткіздік», деді ол.

Ертісбаевтың айтуынша, партия еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан қоғамдық-саяси медиа жүйелердің бірін құрған. Ресми цифрлық платформаларға 1,1 миллионнан астам желі қолданушысы тіркелген, жарияланымдардың қаралымы 600 миллионнан асқан, азаматтардан түскен пікірлер мен өтініштер саны 1 миллионға жуықтаған.

Сондай-ақ, Ертісбаев партия басшылығы еліміздің барлық дерлік өңірлерін аралап, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, қоғам белсенділерімен және жастармен жүздеген кездесу өткізгенін атап өтті.

Ертісбаев партия басшылығының ауысуына қатысты бұл жаңару – кез келген саяси ұйымның дамуындағы заңды кезең екенін айтты.

«Дамудың кез келген кезеңі жаңаруды талап етеді. Бұл – табиғи процесс, онсыз алға жылжу мүмкін емес», деп мәлімдеді ол.

Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады. Ертісбаев Шоқановтың партия мүшелеріне жақсы таныс екенін, аймақтық құрылымдарды басқарудан бастап, негізгі ұйымдастырушылық жобаларды іске асыруға дейінгі барлық сатылардан өткенін айтты.

Нұрсұлтан Шоқанов 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған, Швейцариядағы IMD бизнес-мектебінде Executive MBA дәрежесін алған. Еңбек жолын «Ernst & Young» компаниясында бастап, кейін «Сандриллинг» мұнай сервистік компаниясында басқарушылық лауазымдарды атқарған. 2009 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысып, «OMIR Group» компаниялар тобының директорлар кеңесін басқарады. 2021 жылдан бастап Қазақстан Халық партиясынан Алматы қалалық мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты болып сайланған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Еуропалық прокуратура өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

Бас Прокурор Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барып, Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті. Келіссөздер…

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

В Парламентской ассамблее Совета Европы (ПАСЕ) принята письменная декларация «Конституционный референдум в Казахстане: новый этап…

Елдік бағдарламаға көшу мәселесі талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ХЕҰ өкілі Михаил Пушкинмен кездесіп, Елдік бағдарламаға…