Сурет: ТЖМ
Елордада Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылында автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары дереу жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанғанын анықтады. Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар автобустан өздігінен шығып үлгерген.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде толық сөндіріліп, жалынның автобусқа толық таралуына жол берілмеді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

