Categories Қаржы

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Қазіргі уақытта цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуларда, инвестициялық жобаларда, субсидиялау жүйесінде және салықтық әкімшілендіруде сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, пилоттық жобалар 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және өз тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты билік цифрлық теңгені кезең-кезеңімен кеңінен енгізу жоспарын бекітті.

Шілде айынан бастап цифрлық қаржы активтерінің жұмыс істеу тетіктерін реттейтін жаңа заңнамалық нормалар күшіне енеді.

Сарапшылардың пікірінше, цифрлық теңге бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мысалы, интернет-дүкеннен тауар сатып алған кезде қаражат сатып алушы тауарды алғанға дейін уақытша бұғатталып тұрады. Бұл алаяқтық тәуекелін азайтып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Мамандар цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе банк карталарын алмастырмайтынын атап өтті. Ол қазіргі төлем құралдарымен қатар қолданылатын қосымша төлем тәсілі болады.

Ұқсас жазбалар

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды. Құрылысқа 3 млрд теңге жеке инвестиция салынып, 200 медицина қызметкері жұмысқа…

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…

Ұялы байланысқа қатысты жаңа ережелер 28 маусымнан күшіне енеді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа ережелер 28…