Сурет: Egemen Qazaqstan
Дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирдің жартылай финалына өте алмады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы ширек финалға дейін жетіп, онда франциялық Энцо Джинмен белдесті. Бұл кездесуде жеңіс француз дзюдошысына бұйырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдос Сметовтің Гран-при турнирінің медалі үшін күресуге мүмкіндігі сақталып отыр. Егер ол жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күреседі.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) Циндаодағы жарысты аяқтады. Ал 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев турнирдің финалына шықты.

