Categories Жайық news

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген жауапты миссияны абыройлы атқарып жүрген қоғам жаршыларының жұмысына ризашылығын білдірді.

— Қоғамдық пікір қалыптастыруда, мемлекетіміздің даму бағыттарын түсіндіруде, азаматтардың үнін билікке жеткізуде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Шынайы әрі сапалы ақпарат тарату жолындағы жұмыстарыңызғаризашылығымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, азаматтық ұстанымдарыңыз және елге деген адал қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағаланады, — деді Нариман Төреғалиев.

Аймақ басшысы салтанатты шарада «Qadam media» республикалық форумына спикер ретінде қатысқан белгілі журналистерге құрмет көрсетті. Облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Гүлжамал Кенжеғалиева, облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының бас редакторы Айгүл Логашкина, «ТДК-42» телеарнасының операторы Азат Сарсекеев «Ақпарат саласының үздігі», «AQJAIYQ» телеарнасының редакторы Лұқпан Елеу, «Жайық пресс» ЖШС-ның журналисі Нұрлан Серғазиев «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды. Одан бөлек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің құрмет грамоталары табысталды. Жылдағы дәстүр бойынша жергілікті 25 БАҚ өкілі аймақ басшысының алғыс хаты мен 250 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды.

Іс-шара мерекелік дастархан мен өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастап келген мәртебелі меймандармен кездесті.…

Ақтау портының су түбін тереңдету жұмыстары жалғасуда

Ақтау теңіз портында су түбін тереңдету жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр. Жоба Транскаспий халықаралық көлік…