Сурет: Egemen Qazaqstan
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Енді пайдаланушылар жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен құпиясөзден бөлек, қосымша растаудан өтуі қажет. Қосымша тексеру екі тәсілдің бірі арқылы жүзеге асырылады: біріншісі – Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу, екіншісі – eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық жеке куәліктен алынған кодты пайдалану.
Аталған талап Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмеген Қазақстан Республикасының резиденті емес азаматтарға қолданылмайды. Компанияның мәліметінше, қосымша қорғаныс шарасы пайдаланушылардың аккаунттарын қорғауға, сондай-ақ дербес деректерге заңсыз қол жеткізу әрекеттерінің алдын алуға бағытталған.

