Categories Ақорда

Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң күшіне енеді. Бұл құжаттың мақсаты мен ерекшеліктері жөнінде қоғам қайраткері, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, сарапшы Ерсұлтан Бектұрғанов айтып берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды. Бұл құжатты тарихи деп атауға болады, себебі ол жаңа Конституция мен қазіргі қоғам талаптарына сай қабылданды. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы төртінші заң. Алдыңғы заңдар өз кезеңінде мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуына ықпал етсе, жаңа құжат конституциялық реформалар мен қоғам сұранысына негізделген.

Жаңа заңның ауқымы кеңейген: бұрынғы 69 баптың орнына 90 бап енгізілген. Көптеген ұғымның мазмұны ашылған. Мысалы, 8-бап «Қазақстандық патриотизм» деп аталады. Бұрын бұл ұғым бірауыз сөзбен ғана айтылса, енді жеке бап ретінде бекітілген. Онда мемлекеттік қызмет лауазымдық міндеттерді адал орындаудан, халыққа қызмет етуден, ел мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттердің жолын кесуден тұратыны көрсетілген.

Заң бюрократиялық кедергілерді азайтуға, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру тетіктерін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің дәрежесін көтеру, оларды жақсы жағынан көрсету мәселелері де қамтылған. Жаңа заң сервистік модельге, клиентке, яғни халыққа бағытталған.

Мемлекеттік қызметке келетін адамдарды алдын ала дайындау мәселесі де заңмен реттелген. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен оқу орындары түлектердің жұмысқа орналасуына мүдделі. Қазір көптеген жоғары оқу орнында мемлекеттік басқару ісіне даярлайтын факультеттер мен топтар бар. Енді соның бәрі нақты жүйеге түскен. Төменгі және жоғары лауазымдарға дайындау мәселесі жеке тарау болып жазылған.

Тағы бір жаңалық – ауылға көңіл бөлінуі. Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшінің ауылға баруына, қалыптасуына жағдай жасалады. Аудандарда, ауылдық округтерде, кенттерде бастапқы әкімшілік лауазымдарға конкурссыз өту қарастырылған. Бұл жоғары білім алған жастарды ауылға баруға ынталандырады.

Ұқсас жазбалар

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Цифрлық активтер…

Жасанды интеллект саласына жауапты жаңа вице-министр тағайындалды

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Президент Телерадиокешені деректі кино шеберханасына айналды – ардагер

Биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені 30 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұжым елдегі жетекші медиа…