Сурет: Egemen Qazaqstan
Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталған соң теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті. Бұл Жетісу облысындағы алғашқы жаңартылған нысан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңғырту барысында жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары жөнделіп, инженерлік желілер, жылу, сумен жабдықтау және электрмен қамту жүйелері жаңартылды. Сонымен қатар заманауи күту залдары жабдықталып, навигация жүйесі жетілдірілді және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Талдықорған теміржол вокзалы Жетісу облысының маңызды көлік нысаны болып табылады. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және вокзалда қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

