Сурет: bbc.com
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді. Ел үкіметін басқаруға Еңбек партиясының мүшесі, Үлкен Манчестердің бұрынғы мэрі Энди Бернем негізгі үміткерлердің бірі болып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Стармер өз шешімі туралы Ұлыбритания королі ІІІ Карлға хабарлағанын айтты. Оның сөзінше, Еңбек партиясының жаңа жетекшісі сайланғанға дейін премьер-министр өз қызметін атқара береді.
Даунинг-стриттегі резиденциясының алдында сөйлеген сөзінде Стармер үкіметтің негізгі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен бірге ол партия ішінде өзін лайықты көшбасшы ретінде көрмейтін пікірлердің көбейгенін мойындады.
«Бұл сұрақтың жауабын партиямыздың парламенттегі фракциясынан естідім. Мен бұл шешімді лайықты қабылдаймын», деді ол.
Премьер-министр Еңбек партиясының атқарушы комитетіне жаңа көшбасшыны сайлау рәсімін ұйымдастыруды тапсырғанын мәлімдеді. Сайлау процесі 9 шілдеде басталып, парламент депутаттары жазғы демалысқа шығатын 16 шілдеге дейін аяқталуға тиіс.
Стармердің мәлімдемесінен кейін Энди Бернем партия жетекшілігіне кандидатурасын ұсынатынын растады. Ол Стармерге көшбасшылық қызметі үшін алғыс айтып, елге тұрақтылық, байыпты басқару қажет екенін атап өтті.

