Categories Қаржы

ҰБТ-ның алтыншы аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Биыл 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 292 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 28 пайызы орыс тілінде, ал 469-ы ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алтыншы апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 68 пайызы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир алды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға мұндай 735 талапкер қатысты.

Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беруге құқылы. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің алты аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды. 385 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 238 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 1 адамның нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан Ауғанстан астанасы Кабулда сауда үйін ашты

Қазақстан Ауғанстан астанасы Кабулда сауда үйін ашты. Бұл – елдегі екінші сауда үйі, алғашқысы 2024…

Елімізде әр оныншы адам қарызын несиемен жабады — статистика

Елімізде ең көп несиелік қарыз тұрмыстық техника үшін рәсімделеді. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан отандастардың басым бөлігі…

Ақылы қызметтер енді абоненттің келісімімен ғана қосылады

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді қосымша ақылы…