Categories Жайық news

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула абаттандырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылы ауданда 52 аула жаңартылды. Оның 16-сында кешенді жөндеу жүргізілсе, 36-сы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңғыртылды. Балалар мен спорт алаңдарына заманауи резеңке жабындар төселді. Бұзылған гараждар мен ескі құрылыстардың орнына жаңа демалыс аймақтары салынды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, барлық жобалар тұрғындардың ұсыныстары негізінде әзірленген.

Биыл күрделі жөндеуден өткен 13 аула мен бір қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Жеңіс даңғылы бойындағы аулаларда экологиялық таза материалдардан жасалған ойын кешендері орнатылды. А.Үлімжіұлы көшесіндегі бос жатқан жерге жыл соңына дейін тағы үш аумақ абаттандырылады.

Сарыарқа ауданындағы ірі жобалардың бірі – Кенесары көшесін қайта жаңғырту. Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі 20 мың шаршы метр аумақта жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылып, заманауи жарықтандыру жүйелері орнатылуда.

2025 жылы Е.Рахмадиев атындағы филармония алаңы абаттандырылды. Онда жаяу жүргіншілер жолдары, тактильді плиталар, орындықтар, жарықтандыру тіректері және автоматты суару жүйесі орнатылды.

Керей мен Жәнібек хандар гүлбағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар мен бұталар отырғызылды. Н.Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Астрахан тасжолы көпіріне дейінгі аралығында 510 жапырақты қарағаш пен 44 мыңнан астам сәндік бұта егілді.

Биыл ауданда 25 мыңнан астам жасыл желек егіледі, оның ішінде 2 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Қазір К.Күмісбеков көшесі бойында 415 ағаш пен 2400-ден астам бұта отырғызылды.

Сарыарқа ауданында 85 жылы аялдама жұмыс істейді. Оның 71-і аудан әкімдігінің балансында, 14-і инвесторлар есебінен орнатылған. 2025 жылы 15 жаңа аялдама қойылды, биыл тағы 7-сі орнатылады. Жаңа аялдамалар жылыту, салқындату, бейнебақылау, жарықтандыру және USB қуаттау құрылғыларымен жабдықталады.

Өткен жылы 28 тұрғын және қоғамдық ғимарат сәндік жарықтандырылды. Қазір Ш.Қосшығұлұлы көшесі бойында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

Обсуждены вопросы инвестирования в сферу науки 

В ЗКАТУ имени Жангир хана состоялся научно-технологический семинар «Технологии. Инвестиции. Партнерство: новые точки роста экономики»…

Чингис Аринов ашты жаңа құтқару станциясын Балқаш жағалауында

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Балқаш көлінің жағалауында жаңа 112…