Categories Жайық news

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ақсу қаласына жақын орналасқан Көктас ауылының тұрғындары тағы да көпірсіз қалды. Өткен жылы 34 млн теңгеге жөнделген понтон көпір көктемгі тасқынға шыдамай, Белая өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мердігер «ҚұрылысЭталон» ЖШС басынан-ақ конкурста жеңіп, ақшаға көз артқан, бірақ күші жетпейтін жүкті мойнына алған сияқты. Жұмыс сапасыз орындалып, оның салдарын төрт ауылдың халқы көріп отыр. Көктас тұрғындарының айтуынша, Белая өзені арқылы салынған понтон көпір қайта суға батқан. Бұл 2024 жылы да болған еді. Жергілікті билік өзеннен адамдар мен техниканы өткізетін уақытша паром ұйымдастыруға асықпайды. Анықталғандай, ұзындығы 66 метр, ені 7 метр болатын бұл көпір 2006 жылдан бері қолданылып келеді.

«Көпір тұрғындардың Белая өзенінің арғы жағындағы шабындық жерлеріне өтіп, мал азығын дайындауына қажет. Сонымен қатар, жоғары кернеулі электр желілеріне қызмет көрсететін «KEGOC» АҚ мамандары да оны қызметтік мақсатта пайдаланады. Көпірді төрт ауылдың тұрғындары қолданады», — деп мәлімдеді Ақсу қалалық әкімдігінің өкілдері.

2025 жылы «ҚұрылысЭталон» ЖШС көпірге ағымдағы жөндеу жүргізген. Алайда сәуірде пайдалану кезінде техникалық ақаулар анықталды: дәнекерленген тігістер ажырап, понтон конструкциялары тозған. Кейін өзен тасуынан көпір суға батып, жарамсыз болды.

«Ақауларға байланысты ауылдық округ әкімдігі мердігерді кепілдік міндеттемелерін орындауға міндеттеу үшін сотқа жүгінді. Іс қарау нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге келді. «ҚұрылысЭталон» ЖШС көпірді биылғы 25 шілдеге дейін қалпына келтіруге міндеттенді», — деді әкімдік өкілдері. Олар жөндеуге бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін, жұмыс кепілдік міндеттемелер аясында жүргізілетінін атап өтті.

Белая өзені бойындағы ауылдар үшін понтон көпірлердің маңызы зор. Бұрын Май ауданындағы Баскөл ауылында да осындай мәселе туындаған. Ертістің ағысы қатты сағалары көктемде тасығанда төменгі көпірлерге зақым келтіреді. Жыл сайын понтонды көпірлерді жөндеуге бюджеттен көп қаражат бөлінеді. Салаға жауапты органдар тұрғындарға қажетті көпірлердің сапасын бақылап, жөндеушілерді уақтылы тексеріп отырса дұрыс болар еді.

Ұқсас жазбалар

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…

Оралда «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі басталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өз жұмысын бастады. Президент…