Categories Спорт

Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынында дубль жасады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық клубтың түлегі әрі ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы кездесуін өткізді. Қоштасу матчында ол қарсылас қақпасына екі гол соқты.

Ол енді лондондық «Челсиге» ауысады. Англиялық клуб өткен жылы Сатпаевты 4,3 миллион еуроға сатып алған. Тараптар бес жылдық келісімшарт жасасқан. Оның 2,4 миллион еуросы бірден төленсе, қалған 1,9 миллион еуросы бонустар ретінде төленбек.

Бұл ойында тағы бір голды Исмаил Бекболат соқты. Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы жорығын жоғары деңгейде аяқтады.

Ұқсас жазбалар

Португалия мен Конго тең түсті, Роналду гол соға алмады

Португалия құрамасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы топтық кезеңнің алғашқы ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды.

Әлем Кубогы: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезекті жарыс күні аяқталды. Шаршы алаңға көтерілген…

Футбол жанкүйерлеріне ұйқысыз түн: бүгін үш ойын өтеді

Бүгін түнде әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш кездесу өтеді.