Президент Алатау қаласын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президентке Қытайда өткен Alatau City Roadshow қорытындысы туралы баяндалды. Халықаралық таныстырылым аясында 20 іс-шара мен бірқатар кездесу өткізілген. Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылды.

Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен, Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен және ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен кездесулерде Алатау қаласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған.

Мемлекет басшысының Алматы облысына сапары кезінде берген тапсырмаларын ескере отырып, жұмыс жоспары баяндалды. Су ресурстары саласындағы жобалардың, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу туралы есеп берілді.

Кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалу барысы қаралды. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл тәуелсіздік жылдарында салаға бағытталған ең үлкен сома. Қаржыландыруды отандық және халықаралық қаржы институттары қамтамасыз етеді. Аталған шаралар үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозуын 40 пайызға дейін төмендетеді.

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту қажеттігі атап өтілді. Еліміздегі, әсіресе оңтүстік облыстардағы вегетация кезеңін ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

Алатау қаласын дамытудың орнықты моделін қалыптастыру, дүние жүзінен капитал тартып, инновацияларды игеру үшін қолайлы орта құрудың маңызына тоқталды. Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлу міндеті жүктелді.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…