Categories Қаржы

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, бидайды автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы импорттауға алты ай мерзімге тыйым салу ұсынылған. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден, сондай-ақ басқа елдерден жеткізілетін бидайға да қатысты болады.

Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы импорттай алады.

Ұқсас жазбалар

Air Astana экс-басшысы Питер Фостер жүк тасымалдау компаниясының директоры болды

Air Astana әуе компаниясын 21 жыл басқарған Питер Фостер отандық жүк тасымалдау әуе компаниясының тәуелсіз…

Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады

Парламент Мәжілісі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерді ратификациялады.

Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды

2026 жылдың бес айында Қазақстанда 3 мыңнан астам есірткіге қатысты құқықбұзушылықтың жолы кесілді.