Министрлік аулаларға көлік қоюға тыйым салу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің маңына автокөлік қоюға тыйым салынады деген хабарды жалған деп тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанда 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің жанына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат тараған еді. Министрлік бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомствоның түсіндіруінше, министрдің бұйрығында тұрғын үйлердің маңына автокөлік қоюға жаңа тыйым салу көзделмеген. Жаңа қағидаларда азаматтарға арнайы белгіленген автотұрақ орындарына көлік қоюға тыйым салатын нормалар жоқ. Өзгерістер тек қолданыстағы нормаларды нақтылау үшін енгізілген.

«Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Министрліктің бұйрығында тұрғын үйлердің жанында автокөліктерді қоюға жаңа тыйым салу көзделмеген. Жаңа қағидаларда азаматтарға арнайы қарастырылған автотұрақ орындарына көлік қоюға тыйым салатын нормалар жоқ. Өзгерістер тек қолданыстағы нормаларды нақтылау мақсатында енгізілді. Сондықтан автокөліктерді қоюға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі деген тұжырымдар құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді министрлік.

Министрліктің айтуынша, бұйрық нормативтік құқықтық базаны ҚР Құрылыс кодексіне сәйкестендіруге бағытталған. Құжат елді мекендерді абаттандыру саласындағы бұрыннан қолданыста болған нормаларды қайта бекітеді. Бұл ережелер бұған дейін Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген қағидаларда қолданылып келген.

Өзгерістердің бірі қағидалардың 32-тармағын нақтылауға қатысты. Онда жеке тұрғын үйлерге іргелес аумақта жинап, сақтауға рұқсат етілмейтін жылжымалы мүліктің тізбесі нақтыланған. Бұрын «өзге де жылжымалы заттар» деген жалпы тұжырым қолданылса, жаңа редакцияда оған автокөлік құралдары, тіркемелер мен арбалар да жататыны нақты көрсетілген. Алайда бұл норма көлік құралдарын пайдалануға немесе арнайы белгіленген орындарда қоюға тыйым салмайды. Әңгіме ортақ пайдаланудағы аумақта мүлікті ұзақ уақыт сақтап қоюға және үйіп тастауға жол бермеу туралы болып отыр.

Министрлік аталған қағидалар жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақтар мен тұрақ орындарын реттеу және көлік құралдарын пайдалану мәселелерін қамтымайтынын атап өтті. Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және нормативтік құқықтық актілерге қатысты шындыққа жанаспайтын түсіндірмелерді таратпауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…