Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан әлем чемпионатының Е тобындағы Германия мен Кюрасао құрамалары алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы NRG Stadium стадионында өткен матчта жанкүйерлер 8 гол көрді. Бұл әлем чемпионатындағы ең ірі есеп айырмасымен аяқталған кездесу болды.
Бірінші таймның 6-минутында Феликс Нмеча есеп ашты. 21-минутта Кюрасао шабуылшысы Ливано Комененсия теңестірді. Кейін Нико Шлоттербек Германияны алға шығарды. Тайм соңында төреші Кюрасао қақпасына пенальти белгіледі, Кай Хаверц оны дәл орындады. Бірінші тайм 3:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда Джамал Мусиала есепті 4:1 жеткізді. Содан кейін Германия тағы үш гол соқты. Браун, Ундав және Хаверц дубль жасады.
Екінші турда Германия Кот-д’Ивуармен (20 маусым), үшінші турда Эквадормен (25 маусым) кездеседі. Кюрасао екінші турда Эквадормен (21 маусым), үшінші турда Кот-д’Ивуармен (25 маусым) ойнайды.
Топтық кезең 11-27 маусым аралығында өтеді. Командалар айналмалы жүйе бойынша үш матчтан өткізеді. Плей-оффқа әр топтан үздік екі құрама және үшінші орын алғандар арасындағы ең үздік сегіз команда жолдама алады.

