Categories Спорт

Әлем кубогында қазақ боксшыларының қарсыластары белгілі болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бокс бәсекесіне әлемнің 44 елінен 333 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы жарыстарда толық құраммен өнер көрсетеді.

Ерлер арасында 50 келіде Санжар Тәшкенбай ширек финалдан бастайды. Оның қарсыласы Гонконг пен Қырғызстан боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады. 55 келіде Тимур Қабдешов 1/16 финалда Келви Триндадпен (Бразилия) кездеседі. 60 келіде Серік Теміржанов 1/16 финалда Денис Брильге (Германия) қарсы шығады. 65 келіде Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда Малик Хасановпен (Әзербайжан) жұдырықтасады. 70 келіде Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда Кайан Рейеспен (Бразилия) кездеседі. 75 келіде Тимур Нұрсейітов 1/8 финалда Тадхг О’Донеллмен (Ирландия) қолғап түйістіреді. 80 келіде Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда Хиабао Уангпен (Қытай) күш сынасады. 90 келіде Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Гичшае Киммен (Оңтүстік Корея) кездеседі. +90 келіде Айбек Оралбай 1/8 финалда Нажай Райтпен (АҚШ) жекпе-жек өткізеді.

Әйелдер арасында 51 келіде Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла мен Таиланд боксшылары арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 54 келіде Назым Қызайбай 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен (Оңтүстік Корея) қолғап түйістіреді. 60 келіде Виктория Графеева ширек финалдан бастап, Канада немесе Оңтүстік Корея өкілімен кездеседі. 65 келіде Аида Әбікеева ширек финалда АҚШ немесе Моңғолия боксшысымен күш сынасады. 70 келіде Лаура Есенкелді 1/8 финалда Униа Мартинес Масспен (Испания) кездеседі. 75 келіде Наталья Богданова 1/8 финалда қазіргі Азия чемпионы Зио Баомен (Қытай) жұдырықтасады. 80 келіде Валерия Аксенова жартылай финалдан бастап, Өзбекстан немесе Франция спортшысымен кездеседі. +80 келіде Дина Исламбекова 1/4 финалда Лиона Дарсимен (Ирландия) қолғап түйістіреді.

Естеріңізге салайық, Әлем кубогының алғашқы кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған болатын. Отандастарымыз үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.

Ұқсас жазбалар

Головкинді Даңқ залына қабылдау алдында америкалық жанкүйерлер ерекше құрметпен қарсы алды

Геннадий Головкин АҚШ-та жанкүйерлерімен кездесіп, Даңқ залына қабылдану алдындағы көңіл күйімен бөлісті.

Германия Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата ұтты

Германия футболдан әлем чемпионатының Е тобында Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл турнирдегі ең ірі…

Қазақстандық волейболшылар Азия Ұлттар кубогінде жартылай финалға шықты

Қазақстандық волейболшылар Азия Ұлттар кубогінде жартылай финалға шықты. Құрама Гонконг, Индонезия, Иран, Ливан және Вьетнамды…