Categories Саясат

«AMANAT» мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу ұсынылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Әділет» партиясының Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы «AMANAT» партиясының мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу мүмкіндігі ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Әділет» партиясының II Съезінде Рауан Кенжеханұлы партияға мүшелікке қабылдау әр азаматтың жеке таңдауы негізінде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

«AMANAT» партиясының мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу туралы ұсыныс жасаймыз. Бірақ бұл ұсынысты қабылдау не қабылдамау әр адамның өз шешімі болады. Қазір партияға мүшелікке өту рәсімі жеңілдетілген. Азаматтар цифрлық платформалар арқылы онлайн өтініш бере алады, – деді ол.

Оның айтуынша, партия қатарына қабылдау бойынша өтініштерді қабылдау жұмыстары басталып кеткен.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Әділет» партиясының ІІ съезі басталды

Астанада «Әділет» партиясының екінші съезі басталды. Жиынға партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысуда.

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

«Әділет» партиясының II Съезінде партияның өңірлік филиалдарын Қазақстанның барлық өңірінде құру және есептік тіркеуден өткізу…

«Әділет» партиясы «AMANAT»-тың қосылуын мақұлдады

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өтіп, «AMANAT» партиясының қосылуы мақұлданды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай реформаларды…