Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың ең жоғары сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді. Рамазан Айнегов U17 жас санатында үздік атанды. «Суперспринт» дисциплинасында ол 00:25:49 нәтижесімен мәреге бірінші жетті.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта еңсеріп, алтын медаль алды.
Бүгін, 14 маусымда, чемпионатта эстафеталық жарыстардың жүлделері сарапқа салынады.

