Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстанның АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жоғары деңгейдегі саяси диалог пен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.
Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзір екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

