Сурет: Egemen Qazaqstan
Шотландия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында Гаити командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жалғыз голды 28-минутта Джон Макгин соқты. С тобында Бразилия мен Марокко құрамалары да бар. Бразилия Мароккомен 1:1 есебімен тең түсті. Бразилияны италиялық маман Карло Анчелотти жаттықтырады.
Келесі тур 20 маусым күні өтеді. Бұл топта Шотландия мен Марокко, Бразилия мен Гаити кездеседі.

