Categories Қаржы

Қазақстан Цзянсу өңірімен ынтымақтастықты тереңдетеді

Сурет: Үкімет

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Цзянсу өлкесі Партия комитетінің хатшысы Синь Чансинмен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар өңіраралық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Нұрлыбек Нәлібаев Қытайдың Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол Цзянсу өлкесінің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетін жоғары бағалады, өйткені бұл өңір Қытайда экономикалық даму көрсеткіштері бойынша екінші орында тұр, ал жалпы өңірлік өнімі $2 трлн-нан асады.

— Цзянсумен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту Қазақстан үшін ерекше маңызды. Бұл өлкені өнеркәсіптік кооперация, өндірістерді қондыру, инновациялар, көлік логистикасы және цифрлық экономика салаларындағы әлеуеті зор серіктес ретінде қарастырамыз, — деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Синь Чансин Цзянсу өлкесінің іскерлік топтары мен өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға дайын екенін білдірді. Ол Қазақстанның логистикалық әлеуеті «Қытай — Еуропа» бағыты бойынша үздіксіз халықаралық жүк тасымалдарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қытайлық тарап 2026 жылғы 11 маусымда Астанада ашылған «Орталық Азия — Цзянсу» орталығы технологиялар алмасу және инвестициялар үшін платформа ретінде қызмет етіп, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына оң серпін беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы құрылыс дауы: күдікті неге бостандықта жүр

Астанадағы «KEN remont» компаниясына сеніп, миллиондаған теңге төлеген азаматтар ақшасын қайтара алмай жүр. Күдікті бостандықта…

Қазақстан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр. ХВҚ болжамы бойынша 2026 жылы әлемдік…

Қазақстан Ресейге сыра сатудан екінші орынға шықты

Қазақстан Ресейге сыра жеткізу көлемі бойынша Германияны басып озып, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша…