Сурет: Egemen Qazaqstan
Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы финалында неміс теннисшісі Александр Зверев италиялық Флавио Коболлиді жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Зверев бірінші сетте 6:1 есебімен сенімді ойын көрсетті. Алайда Коболли екінші сетте есепті теңестірді. Үшінші сетте неміс ойыншысы басымдық танытты, бірақ төртінші сетте италиялық тай-брейкте жеңіске жетті. Бесінші сетте Зверев 6:1 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына шешті.
Флавио Коболли – Александр Зверев – 1:6, 6:4, 4:6, 7:6 (7:5), 1:6.
Бұл Зверевтің «Ролан Гаррос» турниріндегі алғашқы чемпиондығы. Бұған дейін ол «Үлкен дулыға» жарыстарында қатарынан үш рет финалға шыққан болатын.

