Сурет: arena.olimpbet.kz
Қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич «Ролан Гаррос» теннис турнирінің финалында сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Матч екі сетте аяқталды. Данилина мен Крунич чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендтен 2:6, 5:7 есебімен ұтылды. Бұл жұп турнирдің бірінші нөмірлі жартылай финалдық жұбы еді.
Бір жыл бұрын дәл осы алаңда Данилина мен Крунич финалда италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эрраниге 4:6, 6:2, 1:6 есебімен жол берген болатын.

