Сурет: Egemen Qazaqstan
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Alatau city жобасына үлкен үміт артатынын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы бұл жобаны еліміздің цифрлық болашағының негізі ретінде бағалады. Оның пікірінше, Alatau city заманауи технологиялар мен инновациялардың орталығына айналады.
«Біз бұл жобаға зор үміт артып отырмыз. Ол еліміздің экономикасы мен ғылымына тың серпін береді», – деді Президент.
Кеңес барысында қаланың инфрақұрылымы, инвестициялық тартымдылығы және кадр мәселелері талқыланды. Жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері қарастырылуда.

