Сурет: @erbayan2024 парақшасынан
Ұлттық ұланда қызмет етіп жүріп ауыр ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы күрт нашарлады. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сарбаздың жақындары айтқандай, Ербаянның миына қан құйылып, дәрігерлер оны ота жасауға дайындап жатыр. Алайда науқастың ахуалы өте ауыр деп бағалануда.
«Оның жағдайы күн сайын өзгеріп жатыр. Біз тек дәрігерлердің кәсібилігіне сенеміз», – дейді сарбаздың туыстары.
Еске сала кетсек, Ербаян Мұхтар әскери бөлімде қызмет барысында ауыр жарақат алған болатын. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

