Құрбан айт: Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлем көшбасшыларынан құттықтау жауды

Сурет: Aikyn.kz

Құрбан айт мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, құттықтаулар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан. Мереке қарсаңында Президенттің кеңсесіне ондаған жеделхат тіркелген.

«Құрбан айт – мейірімділік пен бірліктің мерекесі. Осы күні біз ізгі ниет пен өзара түсіністіктің маңызын ерекше сезінеміз», – делінген хабарламалардың бірінде.

Құттықтау жеделхаттарын жолдағандар арасында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да мемлекеттердің басшылары бар. Сондай-ақ, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері құттықтау жолдады.

Ұқсас жазбалар

Жедел жәрдем шақырғандардың 80%-ы ауруханаға жатпайды: неге?

Оралда жедел жәрдем шақырған науқастардың 80%-ы ауруханаға жатпайды. Себебі не?

28-30 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

28-30 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек оңтүстік пен шығыста ғана күн…

Путин Қазақстанға келді: Ақордада келіссөздер өтеді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Ақордада екі ел басшылары келіссөз жүргізеді.