Сурет: Aikyn.kz
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Путиннің сапары аясында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады. Келіссөздер Ақордада өтеді.
«Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырады», — делінген ресми хабарламада.
Бұл — Путиннің Қазақстанға соңғы жылдардағы алғашқы ресми сапары. Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 27 миллиард доллардан асты.

