Сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Ресейге тауар жеткізуді алдын ала растау жүйесін (ТЖАР) енгізу мәселелері қызу талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кеңеске бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың мамандары қатысты. Олар ТЖАР жүйесін қолдану тәртібін пысықтап, бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды.
«Біз үшін бұл жүйенің ашық әрі түсінікті болуы маңызды. Кәсіпкерлерге қосымша кедергі жасамауы керек», — деді комиссия өкілі.
Тараптар жүйені енгізу мерзімдері мен техникалық талаптарын келісуге уағдаласты. Алдағы уақытта пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.

