Categories Әлем

Түркістан облысында 35 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Сурет: Jas Qazaq

Түркістан облысындағы мектептерде салтанатты жиындар өтті. 35 мыңнан астам оқушы соңғы қоңырау соғып, мектеппен қоштасты.

Биылғы түлектердің ішінде 2 мыңға жуығы үздік аттестат алды. Олардың қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды түлектерге жылы лебізін білдірді:

Әрқайсыңның алдарыңда үлкен жол жатыр. Білімдеріңді шыңдап, еліміздің дамуына үлес қосатындарыңа сенемін.

Мектеп бітіру кештері 1 маусымға дейін жалғасады. Одан кейін түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Қытай Жапонияның әскери күшеюіне алаңдаулы: «Шамадан тыс шығын»

Қытай Жапонияны әскери шығындарды шамадан тыс арттырды деп айыптап, аймақтық қауіпсіздікке алаңдаушылық білдірді.

Швейцария Шенгеннен шыға ма? 14 маусымда тағдыршешті референдум

14 маусымда Швейцарияда көші-қон саясатын қатаңдату мәселесі бойынша референдум өтеді. Егер халық «иә» деп дауыс…

Эбола қаупі: Африкадағы 10 ел тізімге ілінді

Африкада Эбола вирусының таралу қаупі жоғары 10 ел анықталды. Конгода 867 күдікті жағдай тіркеліп, 204…