Сурет: silkroadnews.org
Қытай Жапония армиясының қарулану қарқынына алаңдап отыр. Пекін көршісін әскери шығындарды негізсіз көбейтті деп айыптайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қытай билігінің мәлімдеуінше, Жапонияның соңғы жылдардағы әскери бюджеті айтарлықтай өскен. Бұл аймақтағы тұрақтылыққа қатер төндіруі мүмкін. Пекин Токионы әскери шығындарды азайтуға және диалогқа келуге шақырды.
«Жапонияның әскери күшеюі аймақтық тепе-теңдікті бұзады. Біз бұл әрекеттерді мұқият бақылап отырмыз», – деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Жапония тарапы әскери шығындардың өсуін ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерімен түсіндіреді. Токио Қытайдың айыптауын негізсіз деп санайды. Екі ел арасындағы шиеленіс Шығыс Қытай теңізіндегі аумақтық дауларға байланысты күшейіп келеді.

