Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент жеделхатында екіжақты қатынастардың дамуына тоқталды. Ол Қазақстан мен Иордания арасындағы достық пен өзара түсіністік жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Иордания халқына бақыт пен гүлдену тілеймін», – делінген жеделхатта.
Тоқаев сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

