Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді: не күтіледі?

Сурет: Ашық дереккөз

27-29 мамыр аралығында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл сапар Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту мәселелері талқыланады. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға баса мән береді.

Владимир Путиннің сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Денесіне 1 келі есірткі жасырған шетелдік Қазақстанда ұсталды

Қазақстанға апиын тасымалдамақ болған шетелдік ұсталды. Ол денесіне 1 келі есірткі жасырған. Есірткі жеткізудің 9…

Астанада биыл 9 мектеп ашылады: оқушыларға 24 мың орын қосылады

Астанада жаңа оқу жылына дейін 9 мектеп ашылып, 24 мың орын қосылады. Әкім Жеңіс Қасымбек…

25 мамырда 16 облыста ауа райы қауіпті: найзағай, шаңды дауыл және үсік күтіледі

Қазақстанның 16 облысында 25 мамырға ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай, шаңды дауыл, қатты…