Сурет: Report
Қытай бірнеше провинциядағы су тасқынына байланысты төртінші деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай ең алдымен оңтүстік және шығыс аймақтардағы қатты жауын-шашыннан туындаған. Бірнеше өзеннің деңгейі қауіпті белгіден асып кеткен.
Билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын бастап кетті. Құтқарушылар мен әскерилер тасқынға қарсы күреске жұмылдырылды.
«Біз барлық күш-жігерімізді адамдардың өмірін сақтауға және мүлікті қорғауға бағыттаймыз», — деді Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.
Төртінші деңгей — Қытайдың төтенше жағдай жүйесіндегі ең төменгі саты. Дегенмен, мамандар алдағы күндері жауын-шашын күшейетінін ескертіп отыр.

