Сурет: Report
Қытайдың Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында қатты жарылыс болып, 90 адам мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Циньюань уезінде орналасқан шахтада тіркелген. Газдың жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 90-ға жетті. Құтқарушылар әлі де қираған жерлерді қазып, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Шахта қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін бұрын да ескерту алған.

