Сурет: Report
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылысы болды. Қайғылы оқиға салдарынан 90 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарылыс Циньюань уезіндегі жер асты кенішінде орын алды. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, іздеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ зардап шеккендердің барлығы қаза тапты.
Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі шахта апаты. Билік тергеу бастады, деді жергілікті әкімшілік өкілі.
Қытайда көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелері жиі бұзылады. Мұндай жарылыстар ондаған адамның өмірін жалмап жатады.

