Categories Қоғам

«49 грамм үшін»: Индонезияда екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталып, олардан 49 граммға жуық метамфетамин тәркіленген. Күдіктілер есірткі таратты деп айыпталған.

Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

«Қазір аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында», — делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Ескерер жайт, ресми Индонезия заңнамасында көзделгендей – есірткіні сақтау және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Сот Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдетуден бас тартты

  Алматы облысы Алатау қаласының соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдету…

1 қыркүйектен бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Жаңа оқу жылының басталуымен қатар, қазақстандықтардың өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Оқушылар мектепке оралады…

БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді

БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алдын алу…