Categories Жайық news

Көлік әпереміз деп алдаған: Қостанайда 34 адамды 211 миллионға сан соқтырған алаяқтар сотталды

Қостанайда 30-дан астам ауылдасын алдап соққан екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Алаяқтар жәбірленушілерге 211 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталушылар бір жылға жуық уақыт ішінде тұрғындардан «шетелден көлік әкеліп береміз» және «шоттағы тыйымды алып тастаймыз» деген сылтаумен ақша алған. Олардың бұл сөзіне сенген 34 жәбірленуші өздерінің жинаған-тергенін беріп қана қоймай, ірі көлемде несие рәсімдеп, ақшасын алаяқтардың қолына ұстатқан.

Нәтижесінде келтірілген жалпы шығын көлемі 211 миллион теңгеден асып жығылған. Сотта екі азамат та өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен біреуі 6 жыл 8 айға, екіншісі 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуіне де 10 жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толықтай қанағаттандырылды.

Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: С.МЕҢДЕШЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРДІ

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс…

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.