Categories Қаржы

Электр қуаты қымбаттай ма: Министрлік тарифтің өсу себебін айтты

Энергетика министрлігі елімізде электр энергиясы тарифінің өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Ведомство мұны энергетикалық компаниялардың қарыздары, жөндеу жұмыстарының қымбаттауы және жалақының өсуімен байланыстырады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі тарифтер электр станцияларының тозуын жаңартуға және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан тарифті қайта қарау мәселесі қарастырылып жатыр.

«Электр энергиясының тарифін көтеру – күрделі шешім. Бірақ саланың тұрақты жұмыс істеуі үшін инвестиция қажет. Біз тұтынушыларға да, компанияларға да тиімді теңгерімді табуға тырысамыз», – деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі.

Мамандардың пікірінше, егер тариф өссе, бұл ең алдымен өнеркәсіп орындары мен халықтың әмиянына әсер етеді. Дегенмен, нақты қанша пайызға қымбаттайтыны әзірге белгісіз.

Энергетика министрлігі тарифтің өсуі еңбек ақы мен инфляция деңгейіне сәйкес келетінін уәде етеді. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан Цзянсу өңірімен ынтымақтастықты тереңдетеді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Цзянсу өлкесі Партия комитетінің хатшысы Синь Чансинмен кездесіп, өңіраралық…

Қазақстан Ресейге сыра сатудан екінші орынға шықты

Қазақстан Ресейге сыра жеткізу көлемі бойынша Германияны басып озып, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша…

Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтарға LRT төлем картасын қайдан алуға болады?

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы LRT атаулы картасын онлайн немесе станцияларда рәсімдеуге болатынын…