Categories Қаржы

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындады

Сурет: Aikyn.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайынғы қайта есептеу нәтижесінде көрсеткіштер өзгеріп, азаматтардың пайдалана алатын зейнетақы жинағының көлемі азайды. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 20 жастағы азамат үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 6 миллион 670 мың теңгені құрайды. Ал 30 жаста бұл көрсеткіш 9 миллион 750 мың теңгеге, 40 жаста 13 миллион 370 мың теңгеге, 50 жаста 17 миллион 590 мың теңгеге жетеді.

Ең жоғары шек 62 жастағы азаматтар үшін белгіленген. Бұл жастағы салымшылардың шотында кемінде 23 миллион 570 мың теңге болуы қажет.

Жеткіліктілік шегі – азаматтың болашақта лайықты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету үшін жинақ шотында қалуға тиіс ең төменгі қаражат көлемі. Егер жинақ сомасы осы деңгейден асып түссе, артық бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу шығындарын өтеуге пайдалануға мүмкіндік беріледі.

БЖЗҚ мәліметінше, көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық болжамдар мен болашақ зейнетақы төлемдерінің көлемін ескере отырып жыл сайын қайта қаралады. Осылайша, жаңа жеткіліктілік шектері зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануды жоспарлаған азаматтар үшін маңызды өзгеріс болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтарға LRT төлем картасын қайдан алуға болады?

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы LRT атаулы картасын онлайн немесе станцияларда рәсімдеуге болатынын…

«Қазақмыс» әлеуметтік бағдарламаларымен 5,7 мыңнан астам адам қамтылды

«Қазақмыс» тобы 2026 жылдың алғашқы төрт айында әлеуметтік бағдарламаларға 989 млн теңге жұмсап, 5,7 мыңнан…

Астана әуежайында туристерге арналған көлік карталары сатылымға шықты

Астана әуежайында туристерге арналған көлік карталары сатыла бастады. Карталар Avtobys валидаторлары арқылы жұмыс істейді, үш…